Қарағанды облысындағы шахтадағы өрт: екі адамның денесі табылды
Жарияланған күні:
"Қазақстан" шахтасындағы өрт кезінде жоғалған бес кеншінің екеуінің денесі табылды. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімдігі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Екі адам қаза болды. Үшеуі іздестірілуде", - деп хабардар етті Қарағанды облысының әкімдігі.
Еске сала кетейік, бүгін, 17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді.
Өрт кезде жер астында 227 адам болған. Кейін олардың 222-сі жер бетіне шығарылып, бесеуінің іздестіріліп жатқаны белгілі болды.
Сондай-ақ апат орнында 13 адамның дәрігерлердің көмегіне жүгінгені, оладың төртеуі ауруханаға жатқызылғаны анықталды.
Кейін дәрігерлер өрт кезінде зардап шеккендердің саны алты адамға дейін өскенін және олардың жағдайын айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2032905-qaragandy-oblysyndagy-saxtadagy-ort-eki-adamnyn-denesi-tabyldy/