Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыдағы шахтада тағы бір кеншінің денесі табылды

Опубликовано:

Каска
Каска. Көрнекі фото: dannyfroese / Getty Images

Костенко атындағы шахтада қаза тапқан кеншілер саны 33-ке жетті. Қалған шахташыларды іздестіру жалғасуда. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әкімнің сөзінше, Костенко шахтасында қайтыс болғандар саны 33-ке жетіп отыр. Бұған дейін 32 адамның қаза тапқаны хабарланған болатын.

"Мемлекет басшысының отбасыларға матераилдық көмек көрсету туралы тапсырмасы орындалады. Асыраушысынан айырылу бойынша арнайы жәрдемақы тағайындалады. Меншік иесінің ауысуы жалақы мөлшеріне әсер етпейді", - деді аймақ басшысы ӨКҚ өткен брифингте.

Еске сала кетсек, бүгін Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында жарылыс болды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты. Мемлекет басшысы үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды.

Артынша мемлекет басшысы апаттың мән-жайын анықтап, тиісті шешім қабылдау үшін Қарағанды облысындағы қайғылы оқиға орнына барды.

Тоқаев 29 қазанды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды. Сонымен қатар үкіметке "АрселорМитталТеміртау" компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.

Кейін үкімет "АрселорМиттал Теміртау" компаниясын мемлекет пайдасына беру туралы келісімшартты рәсімдеу аяқталып жатқанын хабарлады. Одан бөлек, оқиға орнына премьер-министр Әлихан Смайылов, Төтенше жағдайлар министрі Серік Шәріпханов барды.

Сондай-ақ Бас прокуратура Костенко атындағы шахтадағы өрт фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2042982-qaragandydagy-saxtada-tagy-bir-kensinin-denesi-tabyldy/

pixel