Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда автобус бір топ адамды қағып кеткен сәт түсірілген видео жарияланды

Опубликовано:

Алматыда автобус бір топ адамды қаққан жер
Алматыда автобус бір топ адамды қаққан жер. Фото: polisia.kz

Алматы полициясы Алматыда автобус бір топ адамды қағып кеткен сәт түсірілген видеоны жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Polisia.kz ресурсының Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Видеода асқан жылдамдықпен жүрген автобус бір топ адамды қағып кеткені көрсетілген.

Бұған дейін жүргізуші әйелді ұрған жолаушыға қатысты екі бап бойынша іс тіркелгені хабарланған. Ол қамауға алынған.

Еске салайық, Алматыда №7 аурухана маңында автобус аялдамада тұрған бір топ адамды қағып өткені хабарланған еді. Кейін қалалық ПД өкілдері оқиғаның жай-жапсарын айтты.

Оқиғадан 7 адам зардап шеккен, олардың үшеуі жедел жәрдем келгенше оқиға орнында қаза болған. Төрт адам ауруханаға жатқызылған. Олардың ішінде 15 жастағы бала бары айтылады.

Мұның алдында жүргізуші әйелдің әкесі оқиға орнында NUR.KZ тілшісіне сұхбат берген еді.

Ол қызы жалғызбасты ана екенін айтты.

"Автобус салонында жолаушы оны итеріп, ұрып жіберген, сосын ол (жүргізуші қызын айтады - авт.ескертпесі) есін жоғалтып алды. Қызым 10 жылдан аса уақыт бойы жүргізуші болып жүр. Бастапқыда троллейбус жүргізген, сосын - автобус. Оның екі баласы бар, өзі - жалғызбасты ана. Қазір ол ауруханада. Мені ауруханаға кіргізбей қойды, мән-жайын білмеймін. Бірақ біз видеобақылау камерасындағы жазбаларды қарадық, ол жерде ұрғаны анық көрінеді", - дейді автобус жүргізушісінің әкесі Бақыт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2052236-almatyda-avtobus-bir-top-adamdy-qagyp-ketken-sat-tusirilgen-video-zariyalandy/

pixel