Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада студенттің айыптауынан кейін жұмысынан кеткен оқытушы қарсы арыз жазды

Опубликовано:

Ер адам арыз жазып отыр
Арыз. Көрнекі фото: pixabay.com

Студент қол жүгіртті деп айыптаған Астана медицина университетінің бұрынғы оқытушысы жала жапты деп қыздың өзін айыптап, арыз жазды. Бұл жөнінде жоғары оқу орнының сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Астана медицина университетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, студенттің өтініші түскен күні шұғыл түрде қызметтік тергеу жүргізілген.

"Дәл сол мерзімде оқытушы сабақ процесінен шеттетіліп, қызметтік тергеудің қорытындысы бойынша Университеттің академиялық саясаты мен корпоративтік мәдениетін және Әдеп кодексін бұзғаны үшін жұмыстан шығарылды.

Қазір ол студент оқуын жалғастырып жатыр. Осы уақытқа дейін оның тарапынан оқу кезінде қандай да бір қысым көрсетіліп жатқанына байланысты ешбір шағым түскен жоқ", - делінген хабарламада.

Бұған қоса оқу орнының баспасөз қызметі профессорлық-оқытушылар құрамымен бұдан былай мұндай фактілерге жол бермеу үшін профилактикалық жұмыстар жүргізілгенін мәлім етті. Кемсітушіліктің кез келген түрін алдын алуға қатысты сарапшылардың қатысуымен білім алушылар және оқытушыларға арналған дәрістер тұрақты негізде өткізіледі.

"Сонымен бірге жұмыстан шығарылған оқытушы ар-намысы мен жеке абыройын қорғау мақсатында құқық қорғау органдарына жала жапқаны үшін арыз бергенін хабарлаймыз" - делінген университеттің баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.

Өткен жылдың қарашасында "Астана медицина университеті" КеАҚ студенті оқу орнының оқытушыларының бірі тиіскенін мәлімдеген еді.

Оның айтуынша, оқиға 17 қарашада болған. Қыз тобының тәжірибелік күнделіктерін алуға келген. Осы кезде кабинетте жалғыз қалған мұғалім оның денсаулығын сұрай бастаған. Бойжеткеннің сөзіне сенсек, мұғалім "ішіңді, жүрегіңді тексеремін" деген желеумен, ерсі әрекеттерге барған. Кабинетті кілттеп, одан төстартқышын шешуін сұраған.

Бұл факт бойынша Астана полициясы Қылмыстық кодекстің 121-бабы "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Кейін университет ректоры Камалжан Надыров болған жағдайға қатысты пікір білдірді. Ол Комиссия құрылып, оқытушыны жұмсытан шығару туралы шешім қабылданғанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2058283-astanada-studenttin-aiyptauynan-keiin-zumysynan-ketken-oqytusy-qarsy-aryz-zazdy/

pixel