Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Досаев Алматыда лай көшкіні салдарынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты

Опубликовано:

Лай көшкіні жүрген жер
Лай көшкіні жүрген жер. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев лай көшкіні салдарынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, оларды жерлеуді ұйымдастыруға көмек көрсетуді тапсырды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Айта кетейік, техногендік сипаттағы лай көшкіні салдарынан қираған үй астынан 1984 жылғы ер адамның, 1980 жылғы әйелдің және 2007 жылғы егіз жасөспірімнің денесі табылған еді.

"Құтқару қызметі Медеу ауданындағы қираған үйде тұрған отбасы мүшелерін іздеуді аяқтады. Қайғылы оқиға 4 адамның өмірін қиды. Мен қаза болғандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақпын. Оларға шын жүректен қатты қайғырып, көңіл айтамын", - деді Ерболат Досаев.

Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша отбасының барлық мүшелерін жерлеуді ұйымдастыру үшін көмек көрсетілетіні, сондай-ақ марқұмдардың қазіргі уақытта елден жырақта оқитын үлкен ұлына білім алуға және елімізге келген соң өмір сүруіне материалдық қолдау көрсетілетіні хабарланды.

Алматыдағы лай көшкіні

Еске салайық, бүгін, 8 ақпанда сағат 02.20-да Алматы қаласы Медеу ауданының "Тау-Самал" шағын ауданында алдын ала ақпарат бойынша техногендік сипаттағы топырақтың ылғалдануынан лай көшкіні жүрген.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, үйлерде төрт адам, оның ішінде екі бала болған. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары үшін №47 орта мектепте эвакуациялық пункт ашылды.

Сондай-ақ Алматы әкімі Ерболат Досаев лай көшкініне байланысты техногендік апат болған жерге барып, қираған үйлерді аралады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2059919-dosaev-almatyda-lai-koskini-saldarynan-qaza-tapqandardyn-tuystaryna-konil-aitty/

pixel