"Афтершок қаупі": ТЖД бастығы алматылықтарға тағы үндеу жасады (видео)
Жарияланған күні:
Алматы ТЖД бастығы Алматыдағы қатты жер сілкінісінен кейін афтершок болуы мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Құрметті Алматы қаласы тұрғындары, Төтенше жағдайлар департаментінде Алматы қаласы әкімінің басшылығымен жедел штаб құрылды. Қазіргі уақытта афтершок және жер сілкінісі мәліметі өңделуде. Нәтижесі жарияланатын болады.
Құрметті қала тұрғындары, сабыр сақтауыңызды сұраймыз. Қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар. Халықты қабылдау пунктеріне баруыңызды сұраймыз", - деді қалалық ТЖД басшысы.
Айта кетейік, Алматыда бүгін, 4 наурызда сағат 11:22 де қатты жер сілкінді. Қалада сирена қосылды.
ТЖМ өкілдері жер сілкінісінің қуаты 5 балл болғанын хабарлады.
Жерасты дүмпуінен кейін Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев жер сілкінісіне байланысты видеоүндеу жасап, халықты дүрлікпеуге шақырып, бірінші сілкіністен кейін не істеу керек екенін айтты.
Алматы, Алматы облысы, Жетісу облыстарында жедел желі телефондары жұмыс істейтіні хабарланды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2064335-almatyda-aftersok-qaitalanu-qaupi-saqtalady-almaty-tzd-bastygy-nurlan-atygaev/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.