jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Экс-министр Бишімбаевтың ісі қаралып жатқан сот залына БАҚ өкілдері қайта кіргізілді

    Байжанов пен Бишімбаев
    Байжанов пен Бишімбаев. Фото: t.me/Jogargy_sot

    Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты сот процесі жалғасуда. Бүгін БАҚ өкілдеріне сот залынан ақпарат таратуға қайта рұқсат берілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бұған дейін журналистер сот залынан шығарылған болатын. Бұған телеарналардың бірінде алқабилердің көрсетілгені себеп болды. Осыдан кейін барлық журналист сот залынан шығарылды. Алайда сот процесі сот басталғалы бері онлайн трансляцияланып жатыр.

    Бүгін судья Айжан Құлбаева сот процесін тікелей сот залынан көрсеткісі келетін журналистер сот залына қайта орала алатынын хабарлады.

    "Сот процесі ашық сот тәртібінде өтіп жатқанын ескере отырып, Қылмыстық-процестік кодекстің 29-бабында бекітілген сот ісін жүргізудің ашықтығы қағидаттарын қамтамасыз ету мақсатында сот БАҚ өкілдерін сот отырысы залына кіргізу қажет деп санайды", - деді судья.

    Айыптаушы тарап пен жәбірленуші тараптың адвокаттары журналистерді қабылдауға қарсылық білдірмеді. Тек Бишімбаевтың адвокаты Ғазымжанов БАҚ өкілдерін қабылдауға қарсы екенін білдірді.

    Экс-министр Бишімбаевтың ісі қаралып жатқан сот залына БАҚ өкілдері қайта кіргізілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.