Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Байжановтың еш кінәсі жоқ": Бишімбаев туысы оның тапсырмасын ғана орындағанын айтты

Жарияланған күні:

Айыпталушылар Байжанов пен Бишімбаев
Айыпталушылар Байжанов пен Бишімбаев. Фото: t.me/Jogargy_sot

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша өтіп жатқан сот жарыссөзінде сотталушы Қуандық Бишімбаев сөз алды – ол Бақытжан Байжановпен сөз байласпағанын және оның еш кінәсі жоқ екенін мәлімдеді. Бұл жөнінде KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Бұған Байжановтың еш қатысы жоқ, ешқандай сөз байласу болған жоқ, бұл жерде оның еш кінәсі жоқ, өйткені ол менің тапсырмаларымды орындады", - деді Қуандық Бишімбаев сот отырысында.

Ол өзінің де, туысы Байжановтың да Салтанаттың өміріне қауіп төніп тұрғанын немесе оның қайтыс болғанын аңғармағанын айтты.

"Байжанов мұның ешқайсысын байқамады (Нүкенованың өлімін немесе өміріне қауіп төнгенін ред. ескертпесі) Иә, ол (VIP кабинаға – ред. ескертпесі) кіргенін кей тұстарда айтқысы келмеген шығар, бірақ мен шынымен айтқым келеді, арамызда ешқандай сөз байласу болған жоқ.

Оның берген жауаптары қасақана кісі өлтіру нұсқасын жоққа шығаратындықтан, оны күдікті етіп қойды. Куә ретінде ол таңғы сағат 10-да оның тірі болғанын растайтын еді. Ол дәрігерге қоңырау шалып, Салтанаттың ұйықтап жатқанын хабарлады", - деді сотталушы.

Айта кетейік, бүгін экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты іс бойынша сот отырысында оның қорғаушысы Ерлан Ғазымжанов сөз сөйледі. Адвокат судьямен тағы да дауласып қалды.

Сондай-ақ Ерлан Ғазымжанов жарыссөз кезінде сотталушыға тағылған айыпты жоққа шығаруға тырысты. Ол: "Бишімбаев әйелін өлтіргісі келсе, оны қала сыртында өлтіріп, жерге көміп тастауына немесе клиллер жалдауына болар еді" деді.

Сондай-ақ бүгін сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров KAZ.NUR.KZ тілшісіне арнайы сұқбат беріп, Бишімбаев ісіндегі медициналық сараптама қалай жасалғанын айтып берді.

Сондай-ақ бүгінгі жарыссөзде Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова да сөз алып, ана ретінде ұлының тәрбиесінде қателік жібергенін мойындады, бұған қоса оның Салтанат Нүкенованы қасақана өлтірмегенін алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2095550-baizhanovtyng-esh-kinasi-zhoq-bishimbaev-tuysy-onyng-tapsyrmasyn-oryndaumen-gana-bolganyn-aitty/