Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қорғаушыларым абдырап қалды": Бишімбаев адвокаттардың көбі оны қорғаудан бас тартқанын айтты

Жарияланған күні:

Қуандық Бишімбаев пен оның адвокаты
Қуандық Бишімбаев пен оның адвокаты. Фото: t.me/Jogargy_sot

Салтанат Нүкенованы өліміне қатысты өтіп жатқан соттағы жарыссөзде Қуандық Бишімбаев қорғаушылар құрамы үш рет өзгергенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Бастапқыда кінәлі екенім түсінікті болды: жасырынуды ойлаған да жоқпын. Әлеуметтік желілерден маған өрттей лап қойды.

Қорғаушыларым абдырап қалды... қорғаушылар құрамы басқа болған – олар үрейленіп, "араласпаймыз" деп бас тартты.

Қорғаушылар құрамы үш рет өзгерді, себебі кейбірі бас тартты, ал кейбірі абдырап қалды", — деді Бишімбаев.

Айта кетейік, бүгін Астанада экс-министр Бишімбаев пен оның туысы Байжановқа қатысты сот жарыссөзінің екінші күні өтті. Сотта айыпталушылардың қорғаушылары, Бишімбаевтың анасы, Бишімбаевтың өзі, Байжановтың әйелі сөз сөйледі.

Бишімбаевтың қорғаушысы Ерлан Ғазымжанов бүгін судьямен тағы да дауласып қалды.

Сондай-ақ Ерлан Ғазымжанов жарыссөз кезінде сотталушыға тағылған айыпты жоққа шығаруға тырысты. Ол: "Бишімбаев әйелін өлтіргісі келсе, оны қала сыртында өлтіріп, жерге көміп тастауына немесе клиллер жалдауына болар еді" деді.

Сондай-ақ бүгін сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров KAZ.NUR.KZ тілшісіне арнайы сұқбат беріп, Бишімбаев ісіндегі медициналық сараптама қалай жасалғанын айтып берді.

Сондай-ақ бүгінгі жарыссөзде Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова да сөз алып, ана ретінде ұлының тәрбиесінде қателік жібергенін мойындады, бұған қоса оның Салтанат Нүкенованы қасақана өлтірмегенін алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2095571-qorgaushylarym-abdyrap-qaldy-bishimbaev-advokattardyng-kobi-ony-qorgaudan-bas-tartqanyn-aitty/