Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министр Майқайыңда жоғалып кеткен құтқарушыларды іздестіру қашан жалғасатынын айтты

Опубликовано:

Апат орнында жұмыс істеп жатқан құтқарушылар
Апат орнындағы құтқарушылар. Көрнекі фото: https://t.me/qr_tjm

Үкімет отырысы аясында өткен брифингте төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Майқайыңда жоғалып кеткен құтқарушыларды іздестіру жұмыстары туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Министр қазір іздестіру жұмыстарын жүргізу құтқарушылардың өмірін қауіпке тігу екенін айтып, жұмыс істеуге қауіпсіз жағдайға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Қазіргі таңда Майқайың алтын зауыты аумағы құтқарушылардың жұмыс істеуі үшін қауіпті аймақ болып тұр. 13 мамырдан бастап тау-кен жұмыстары бойынша дайындық жүргізіліп жатыр. Солтүстік-шығыс бөлігін кеңейтіп ашу жұмыстары жалғасып жатыр.

Осы жұмыс біткеннен кейін, құтқарушылардың жұмыс істеуіне қолайлы жағдай туындаса, іздестіру жұмыстарын жалғастырамыз. Ол қай уақытта бітетінін дөп басып немесе болжам жасап айта алмаймын. Көз жұмған құтқарушылардың мәйітін іздейміз деп тірі құтқарушылардан айырылып қалмау үшін қауіпсіздік шараларын қарастырып жатырмыз", - деді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2119476-ministr-maiqaiyngda-zhogalyp-ketken-qutqarushylardy-izdestiru-qashan-zhalgasatynyn-aitty/