Министр Қазақстан +7-ден +997 кодына неліктен ауыспағанын айтты
Жарияланған күні:

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев "+7 кодында қала беру туралы" қаулыға қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
"+7-ні қолдану адамдарға ыңғайлы деп ойлаймыз. Адамдарға телефон контактілерін ауыстырмау үшін қала бергені дұрыс. Анализ бен консультация нәтижесінде осындай шешімге келдік",- деді министр Мадиев.
Ол сондай-ақ +997-ге ауыстыруға қанша қаржы кеткенін айта алмайтынын мәлімдеді.
"+997-ге ауыстыруға қанша қаражат кеткенін айта алмаймын",- деді министр.
Айта кетейік, 14 маусымда "Ашық НҚА" порталында Қазақстан қандай телефон кодын қолданатыны туралы құжат жарияланды.
Қазақстан Республикасының үкіметі мен Ресей Федерациясының үкіметі арасындағы дүниежүзілік нөмірлеудің 7-аймағының нөмірленуін бірлесіп пайдалану туралы келісімге қол қою туралы үкімет қаулысында Қазақстан +7 телефон кодын пайдалануды жалғастыратыны жазылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2119422-ministr-qazaqstan-7-den-997-kodyna-nelikten-auyspaganyn-aitty/