Ақтаудағы ұшақ апаты: ТЖМ жедел желі іске қосылғанын хабарлады
Жарияланған күні:
Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшқан ұшақ апатқа ұшырады. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі жедел желі іске қосты. Бұл туралы министрлік Telegram-дағы арнасында хабарлады.
ТЖМ командалық орталығында 8-7172-55-96-21, 8-7172-55-96-83, Ақтау қаласында 8-7292-31-90-91 жедел желі телефондары жұмыс істейді.
Бұған дейін Аzerbaijan Airlines (AZAL) әуе компаниясы Telegram-дағы ресми арнасында Ақтау маңына құлаған ұшақ бортында болған жолаушылар тізімін жария еткен болатын. Тізімде 62 адам тіркелген.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырағаны хабарланған.
Ақтау қаласының маңында "Баку-Грозный" бағытындағы ұшақ апатқа ұшырады. Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі", - делінген Көлік министрлігінің хабарламасында.
"Алдын ала ақпаратқа сәйкес, бортта 37 Әзербайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған", - делінген хабарда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2204772-aqtaudagy-ushaq-apaty-tzhm-zhedel-zheli-iske-qosylganyn-habarlady/