jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Талғат Дүйсенбек
    Талғат Дүйсенбек
    Бұрынғы қызметкер

    Ақмола облысында 95 көлік соқтығысты: ТЖМ өкілі апатқа не себеп болғанын айтты

    Ақмола облысындағы жол апаты
    Ақмола облысындағы жол апаты: instagram.com/aqmola_pd

    Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері Ақмола облысындағы жолда 95 автокөлік соқтығысуының алдын ала себебін түсіндірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Kazinform агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

    "Біздің мәліметіміз бойынша, апатқа көлік тізбегіне ілескендердің жылдамдық режимін сақтамауы себеп болған. Біздің жол-көлік оқиғасының себебін анықтайтын құзіретіміз жоқ. Ішкі істер органдары қазір тергеу жүргізіп, апат себептерін анықтап жатыр", - деді ТЖМ өкілі Магомед Ахриев.

    Естеріңізге сала кетейік, 3 қаңтарда Ақмола облысындағы Астана - Шортанды жолында ондаған автокөлік соқтығысып қалған. Полиция жол апатына ауа райының нашарлығы себеп болды деп хабарлаған.

    Кейін "ҚазАвтоЖол" Борабайда 95 автокөлік соқтығысқанын мәлімдеген.

    Мәліметтерге қарағанда, 11 адам ауруханаға түскен.

    Сонымен қатар желіде жол апаты қалай басталғаны түсірілген видео жарияланды.

    Ақмола облысында 95 көлік соқтығысты: ТЖМ өкілі апатқа не себеп болғанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.