jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ақтөбеде жарылыстан қаза болған азаматтың 70-тен асқан анасы жанайқайын жеткізді

    : UGC

    Ақтөбеде жанар-жағармай қоймасында денелері 80-90 пайызға күйіп кеткен екі оператор да көз жұмды. Екі мәйіт те сот-медициналық экспертиза талдамаларына жіберілген деп хабарлайды өңіредгі NUR.KZ тілшісі.

    72 жастағы Разия Бимағанбетова
    72 жастағы Разия Бимағанбетова: UGC

    Артында бес баласы қалған жігіттің анасы баласының өліміне сене алмай отырғанын айтты.

    "Қайтейін, баламды "енді жоқ" деп жатыр. Сене алмай отырмын. Үлкен мекемеде қуырдақ болып күйіп қалған балама көмектесетін адам табылмағаны ма? Киіздей күйген. Жұмыс жағдайында болды. Енді мына бес баланы кім асырайды? Өліп жатқан 1 жасар бала емес, арыстай азаматым", - дейді марқұмның 72 жастағы анасы Разия Бимағанбетова.

    "Sinooil" компаниясында 10 жылдан аса жұмыс істеген 38 жастағы Серікбай Палвановтың бес баласы бар. Барлығы да кәмелеттік жасқа толмаған. Балаларының алды 13-те болса, кішісі 1 жастан енді асқан.

    Марқұм жұбайы Замира Мырзабаевамен. Фото отбасылық мұрағаттан алынды
    Марқұм жұбайы Замира Мырзабаевамен. Фото отбасылық мұрағаттан алынды: UGC
    "Отбасымыздың жалғыз асыраушысынан айрылып отырмын. Бес баланың болашағы бар, несиеміз бар... Кішіміз 1 жас алты айда. Дәрігерлер қолдарынан келгенше көмектесті. Ауруханаға әкелгенде-ақ бізге "жақсы хабар айта алмаймыз" деп ескертті", - дейді марқұмның жұбайы Замира Мырзабаева.

    55 жастағы екінші оператор Зибагүл Түменбаева бүгін таң ата жансақтау бөлімінде көз жұмған.

    Дәрігерлер денелері 80-90 пайызға күйген жұмысшылардың тыныс алу жолдарының да күйіп кеткенін айтады.

    Ақтөбеде жарылыстан қаза болған азаматтың 70-тен асқан анасы жанайқайын жеткізді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.