jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Менингит болуы мүмкін: Ақтауда 8 жасар бала көз жұмды

    : UGC

    Ақтаудағы жұқпалы аурулар медициналық мекемесінде 8 жасар бала көз жұмды. Ол менингитпен ауырған болуы мүмкін деген болжам бар, алайда бұл нұсқаға зертханалық растау жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Көрнекі фото: NUR.KZ
    Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

    Жеткіншек 29 қаңтар күні ауруханада қайтыс болған. Өлімнің нақты себебі бірнеше күннен кейін белгілі болады деп жазады Lada.kz.

    Қазіргі уақытта бала менингитпен ауырды деген болжам бар. Ол Мұнайлы ауданында тұрған, ауруханаға қайғылы жағдайдан бір күн бұрын жеткізілген.

    Қазір тиісті сараптамалар тағайындалды. Ол менингитпен ауырған-ауырмағаны зертханалық сараптамадан кейін анық болады.

    Басылым мәліметінше, марқұм залдардың бірінше спортпен айналысқан. Қайтыс болған жеткіншекпен байланыс жасаған барлық ересек пен балалар тексерістен өтті.

    Айта кетейік, Ресейдің Челябі қаласындағы мектептердің бірінде 13 жастағы қыз дене қызуы көтеріліп, көз жұмды. Қайғылы оқиғадан кейін қаладағы барлық мектептерді карантиге жабу туралы шешім қабылданған.

    Болжам бойынша, жасөспірім тұмаумен ауырған кезде пайда болған асқынулардың салдарынан көз жұмған.

    Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және адамның әл-ауқаты саласындағы қадағалау жөніндегі федералдық қызметі сарапшылары мұны эпидемияға дейінгі жағдай деп бағалауда. Соңғы апта ішінде ЖРВИ мен тұмаумен ауырғандар саны 22%-ға өскен.

    Әлеуметтік желі қолданушылары Челябіде коронавирус анықталды деген болжам жасады, бірақ аймақтық денсаулық сақтау министрлігі мен Роспотребнадзор бұл ақпаратты растамады.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Менингит болуы мүмкін: Ақтауда 8 жасар бала көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.