jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Шарындағы қайғылы жағдайдың жантүршігерлік видеосы пайда болды

    Шарын
    Видеодан кадр: Талғат Уәли/Youtube

    Кеше 29 мамырда Шарын шатқалында сел жүріп, салдарынан екі адам көз жұмып, алтауы жарақат алды. Сонымен қатар, бір турист із-түзсіз жоғалды. Желіде аталған қайғылы жағдайды суреттейтін жантүршігерлік видео тарады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Куәгерлер түсірген видеоны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли YouTube желісіндегі арнасында жариялады.

    "Қараңызшы, қандай өзен келе жатыр. Бұл өте қауіпті", - дейді Шарынның асау ағынын видеоға түсіріп тұрған ер адам кадр сыртында.

    Кадрдан туристер тобының сел жүргенде не істерлерін білмей, абдырап қалғанын байқау қиын емес. Айқай-шу, көмек сұраған дауыстар да видеода естіледі.

    "Ой, адамдарды ағызып кетті!" - дейді кадр сыртындағы әйел үрейлі дауыспен.

    Назар аударыңыз: видеода жантүршігерлік көріністер бар! Психикасы тұрақсыз адамдарға, жүкті әйелдер мен 18 жасқа толмаған адамдарға роликті көру ұсынылмайды.

    Еске сала кетсек, кеше Алматы облысында орналасқан Шарын шатқалында сел жүріп, екі адам мерт болды, тағы алты адам зардап шегіп және тағы бірін іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

    Одан бөлек, Түркістан облысының тауларында жоғалып кеткен 7 жігіттің екеуінің денесі табылды, үшеуі аман-есен жақындарымен қауышса, тағы екеуін іздестіру жұмыстары жалғасуда.

    Шарындағы қайғылы жағдайдың жантүршігерлік видеосы пайда болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.