jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Түркістан облысында жүк көлігі көпірден құлап, бір адам көз жұмды

    Жол апаты
    Фото: Instagram / otyrarkz

    Түркістан облысы Ақсу ауылының маңында жантүршігерлік жол апаты болды. Анықталғандай жүк көлігі көпірден құлап, өртеніп кеткен. Салдарынан көліктегі адамдардың бірі қайтыс болды деп хабарлайды Otyrar.kz.

    Өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, оқиға 13 шілде күні сағат 17:44-те Сайрам ауданында, Ақсу ауылынан бес шақырым жерде, Алматы-Термез тас жолының 657-ші шақырымында болған.

    Volvo жүк көлігінің 25 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай көпірдің қоршауынан өтіп кетіп, содан кейін жүк көлігі құлап, аударылып, өртке оранған.

    Өрт салдарынан жүк көлігінің сау тамтығы қалмаған. Жүргізуші қашып үлгерген, ал оның серіктесі үлгере алмай қалған. Оқиға орнынан ер адамның күйген денесі табылды. Басылым жазғандай, екеуі де Қырғызстан азаматтары.

    Өрттің таралуы 18:05-те тоқтатылып, 18:50-де толықтай жойылған. Құтқарушылар жаңбырдың салдарынан жүргізуші тайғақ жолда көлікті басқара алмай, соңы қайғылы жағдайға алып келді деп болжауда.

    Еске салсақ, бұған дейін Кентау-Түркістан тас жолында 4 автокөлік соқтығысып, екі адам көз жұмған еді.

    Одан бөлек, Алматы облысында жүк көлігі 3 адамды қағып кетіп, екеуі қайтыс болған болатын.

    Сондай-ақ, Қостанай облысында үш баланың жол апатынан көз жұмғанын жазған едік. Облыстық полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, қайғылы оқиға Қостанай-Қарабұтақ тас жолында болған. 

    Полицияның дерегінше, Renault SANDERO мінген 36 жастағы әйел жүк көлігін басып озбақшы болған. Сөйтіп, жолдың қарсы бетіне шыққанда Lexus-пен соқтығысқан.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.