jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Дауылда қаза тапқан Ұлттық ұланның сарбазын туыстары ақтық сапарға шығарып салды

    Ұлттық ұлан сарбазы
    Алмас Шахимов. Фото: polisia.kz

    Алматы іргесіндегі әскери бөлімде оқу-жаттығу кезінде оқыс жағдайдан қайтыс болған 19 жастағы сарбазды туған-туыстары ақтық сапарға шығарып салды. Алмас Шахимов көктемге әскери борышын өтеуге өзі сұранып барған, деп хабарлайды КТК.

    Алмас Шахимов отан алдындағы борышын өтегенге дейін құтқарушы болып жұмыс істеген.

    "Сол күні далада жаттығу жұмысы кезінде аяқ астынан басталған құмды дауылда өзгелерді құтқаруға ұмтылғаны да кәсібіне деген адалдығы болар", - дейді марқұмның жақындары.

    Оны жерлеу рәсіміне келген қаруластары мен әскери бөлім командирі Алмастың ерлігі туралы баяндап берді.

    Қаруластарын құтқарамын деп жүргенде жас жігіттің басына темір конструкция құлап, салдарынан ауруханада көз жұмды.

    Осы орайда марқұмның жақындары сарбаздың өліміне жауаптыларды анықтауды талап етіп отыр.

    "Алмасты әскерге ешкім шақырған жоқ. Өзі "барам" деп кеткен. Өз аяғымен кетіп еді. Енді табытқа салып алып келді. Бұл - әскерде тәртіптің жоқтығы. Палатка құлаған кезде ішінде балалар айғайлады деді. Балалар ішінде қалып қойған. Соған командир кірмей, неге солдат кіреді?" - деді марқұмның әжесі Гүлмайда Туғамбаева.

    Еске сала кетейік, 9 тамызда Алматы облысында дауыл кезінде 19 жастағы Ұлттық ұлан әскери қызметшісі қаза тапқаны туралы хабарлағанбыз.

    Кейінірек марқұм Алмас Шахимовтың ерлігі мемлекеттік марапатқа ұсынылғанын жаздық.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.