jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Қарағанды облысында екі жасар бала көлік астына түсіп мерт болды

    Уаз автокөлігі
    Уаз автокөлігі. Көрнекі сурет: pexels.com

    Қарағанды ​​облысында екі жасар бала УАЗ көлігінің астына түсіп, көз жұмды. Жүргізуші артқа шеніп бара жатқан кезде сәбиді басып кеткен, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Қарағанды ​​облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жантүршігерлік оқиға 12 мамыр күні кешкі уақытта Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылында болған. Алайда оқиғаның мән-жайы бүгін ғана анықталған. Қайғылы оқиға кезінде УАЗ көлігін 35 жастағы жүргізуші басқарған.

    "12 мамыр күні сағат 18:30-да Қарағанды ​​облысының Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылында 35 жастағы "УАЗ" көлігінің жүргізушісі артқа шегінген кезде 2 жасар баланы қағып кеткен. Оның салдарынан зардап шеккен бала алған жарақаттарынан көз жұмды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

    Қазір қайғылы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Олардың қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

    Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Alma City тұрғын үй кешенінің ауласында Daewoo Nexia жүргізушісі аулада баланы қағып, ойын алаңына кіріп кеткені түсірілген видео пайда болғаны туралы жазған болатынбыз.

    Кейін Алматылық медицина қызметкерлері баланың жағдайы туралы айтты.

    Қарағанды облысында екі жасар бала көлік астына түсіп мерт болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.