jitsu gif
Оқыс оқиға

    Атырау облысында із-түзсіз жоғалған ер адамның денесі зират маңынан табылды

    Жазық дала мен көк аспан
    Жазық дала: pexels.com

    Атырау облысындағы "Адай" зиратының маңынан 23 мамырда жоғалып кеткен 37 жастағы ер адам өлі күйінде табылды. Бұл туралы Жылыой ауданы әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы.

    "23 мамырда қыстақтан шығып кеткен 37 жастағы малшыны іздеу жұмыстарының нәтижесінде оның денесі Құлсары қаласынан шамамен 40 шақырым жердегі "Адай" моласынан табылды" - деп хабарлады аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. 

    Полиция іс бойынша тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

    Еске салайық, Атырау облысының Жылыой ауданында бір аптадан бері мал бағып жүріп жоғалып кеткен азаматты іздеуге тікұшақ жұмылдырылған болатын.

    Департаменттің хабарлауынша, із-түзсіз жоғалған азамат туралы хабарлама 24 мамырда түскен. Жылыой ауданындағы Құлсары қаласынан 70 шақырым жерде мал бағумен айналысып жүрген 1986 жылы туған Ж есімді азаматтың шаруа қожалығынан шығып, қайтып оралмағаны белгілі болды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.