jitsu gif
Оқыс оқиға

    Алматыдағы лай көшкіні: апат орнының әуеден түсірілген суреттері (фото, видео)

    Лай көшкіні жүрген жер
    Лай көшкіні жүрген жер. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Алматы қаласы Медеу ауданының "Тау-Самал" шағын ауданындағы сел жүрген аумаққа іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Оқиға орнына KAZ.NUR.KZ фототілшісі барып, әуеден сурет пен видео түсірді.

    Оқиға орнына барған NUR.KZ фототілшісі сел жүрген аумақты әуеден түсіріп алды.

    Лай көшкіні жүрген жер
    Лай көшкіні жүрген жер. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Алдын ала ақпарат бойынша, сел жүргені салдарынан қираған үйдің астынан бір адам өлі табылған. Алайда құтқарушылар үйде тағы үш адам бар болуы мүмкін деген ақпараттан кейін іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

    ТЖМ құтқарушылардың оқиға орныдағы іздестіру-құтқару жұмыстарынан фото-видео жариялады. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

    Алматыдағы лай көшкіні

    Еске салайық, бүгін, 8 ақпанда сағат 02.20-да Алматы қаласы Медеу ауданының "Тау-Самал" шағын ауданында алдын ала ақпарат бойынша техногендік сипаттағы топырақтың ылғалдануынан лай көшкіні жүрген.

    Алдын ала ақпаратқа сәйкес, үйлерде төрт адам, оның ішінде екі бала болған. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары үшін №47 орта мектепте эвакуациялық пункт ашылды.

    Сондай-ақ Алматы әкімі Ерболат Досаев лай көшкініне байланысты техногендік апат болған жерге барып, қираған үйлерді аралады.

    Оқиғадан бір адам қаза тапқаны белгілі болды. Ол - 2007 жылғы бозбала. Үйінді астында тағы да адам болуы мүмкін.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.