jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    ГҚ
    Гүлзат Қазанғапова
    Бұрынғы қызметкер

    Екі жасар бала Каспий теңізіне батып кетті

    Кішкентай бала
    Кішкентай бала. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Кеше, 5 маусымда Маңғыстау облысында оқыс оқиға болды – 2022 жылы туған бала Каспий теңізіне батып кетті, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Министрліктің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, бұл жағдай Құрық ауылынан бес шақырым жерде шомылуға арналмаған жерде болған.

    "Оқыс жағдайдың себебі – жүріс-тұрыс ережелерінің талаптары мен нормаларының бұзылуы. Оқиғаның мән-жайын жедел-тергеу тобы анықтап жатыр", - деп хабарлады ведомство өкілі.

    Құтқарушылар қазақстандықтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға және балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды.

    Бұған дейін мамырдың басында Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы Садыркөл көлінде қайғылы жағдай болғанын жазған едік. Ата-анасының қарауынсыз қалған екі жасар бала суға батып кеткен.

    Екі жасар бала Каспий теңізіне батып кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.