jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Атырауда күннің ыстығында көлік ішінде қараусыз қалған бір жасар бала ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізілді

    жедел медциналық жәрдем көлігі
    Жедел жәрдем. Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

    10 маусымда қала тұрғыны бір жастағы баласын көлікке қалдырып кетіп, қайтып келгенде оның ес-түссіз жатқанын көрген. Баланы жедел медициналық жәрдем қызметкерлері аман алып қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Анасы көлігін тұраққа қойып, бір жастағы баланы көлікке тастап кеткен. Шаруаларын реттеп келген кезде баланың ес-түссіз жатқанын көрген. Шарасыздан анасы баланы жақын маңда орналасқан қалалық перзентханаға апарған.

    "Сол жерге шақырылған жедел жәрдем станциясы бригадасының фельдшерлері Ғали Зинуллаев пен Айгуль Бисенбиева дереу жетіп, жағдайын тексергенде бала ес-түссіз, тері қабаты қызарған, дене қызуы 40 градустан асқан, жүрек соғысы жиілеп, қан тамырының соғуы әлсіреген, тырысу белгілері болған. Балаға көмекке қосымша педиатриялық бригада жіберілді. Халықаралық стандарттар бойынша педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы оқытылған әдістерді пайдаланып, барлық кәсіби дағдырларын көрсетіп және командалық жұмыстың нәтижесінде баланы өлімнен құтқарып алып қалдық", - дейді облыстық жедел жәрдем станциясы директорының орынбасары Наргиз Әбдірахманова.

    Кейін бала Атырау облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.

    Атырау облыстық жедел жәрдем станциясы өкілдері қала тұрғындарынан балаларды қараусыз қалдырмауды және ыстық күні автокөлік ішінде жалғыз тастамауды ескертеді.

    Автор: Әйгерім Сайқын

    Атырауда күннің ыстығында көлік ішінде қараусыз қалған бір жасар бала ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.