jitsu gif
Оқыс оқиға

    Щприц пен ұнтақ табылды: Ақтауда бұрынғы ММА шеберінің өліміне қатысты жаңа дерек шықты

    Шөптің үсітнде жатқан шприц
    Шөптің үсітнде жатқан шприц. Көрнекі фото: Liudmila Chernetska / Getty Images

    Үш күн бұрын қоқыс жәшігінің жанынан денесі табылған Вусал Джафаровтың шұлығынан ұнтақ, жанынан шприц шыққан. Бұл туралы Маңғыстау облысының полиция департаменті ақпарат берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Еске салайық, Ақтауда қоқыс контейнерлерінің арасынан ер адамның денесі табылғаны жайлы ақпарат тараған болатын. Кейін марқұмның түрлі турнирлерге қатысқан боксшы болғаны анықталды.

    Қала тұрғындары ер адамның фотосуреттерін әлеуметтік желілер мен мессенджерде таратқан. Ер адамның мүрдесі 3-шағын ауданда қоқыс контейнерлерінің бірінен табылғаны хабарланды.

    "2024 жылдың 20 қыркүйегі күні кешкі сағат 22:30 шамасында үйлердің артынан, ағаштар арасынан денесі шіріп кеткен ер адамның мәйіті табылды. Оның кім екені анықталды. Оқиға орнын қараған кезде шприц, ал, ер адамның шұлығының ішінен ұнтақ табылды. Қаза тапқан ер адам бұрын ұрлық жасап, адам бопсалағаны үшін сотты болған", - деп хабарлады Маңғыстау облысының полиция департаменті.

    Айта кетейік, қаза тапқан спортшы Вусал Джафаров 1994 жылы 10 қаңтарда дүниеге келген. Кәсіби мансабын 2015 жылы бастаған. Ол төрт жекпе-жек өткізді, оның біреуінде жеңіске жетіп, үшеуінде жеңілді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.