jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Жаркент гарнизонында офицер қаза болды

    Сарбаз
    Сарбаздың аяқ киімі. Көрнекі фото: pixabay.com

    Бүгін, 14 қарашада Жаркент гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінің офицері жоспардан тыс сабақтар өткізу кезінде алған жарақатынан қаза тапты. Бұл жөнінде Құрлық әскерлері қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомство мәліметі бойынша, қайғылы жағдай бүгін диверсияға қарсы қауіпсіздік бойынша жоспардан тыс сабақтар өткізу кезінде болған.

    "Қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан Жаркент гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінің офицері алған жарақатынан қайтыс болды.

    Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.

    Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады, оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі", - деп мәлімдеді баспасөз қызметі өкілдері.

    Айта кетейік, 7 қарашада Шекара қызметі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қаза тапқанын жазған едік. Полиция органдары бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

    Ал 7 қыркүйекте Маңғыстау облысында оқыс оқиға болды. Әскери полигонда мерзімді қызметтегі сарбаз ауыр жарақат алып, көз жұмды.

    Кейіннен сарбаздың әкесі қорғаныс министріне жан-жақты тергеу жүргізуді талап еткен видеоүндеу жолдаған еді.

    Сонымен қатар Абай облысында пәтерден бір әскери бөлімнің әскери қызметшінің денесі табылды. Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    Жаркент гарнизонында офицер қаза болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.