jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда ер адам өз көлігінің астына түсіп көз жұмды

    Жолда тұрған жүк көлігі
    Оқиға орны. Фото: Zakon.kz

    Бүгін, 7 желтоқсанда Алматыда қайғылы жағдай болды – ер адамды өз көлігі басып кетті. Ол оқиға орнында жан тапсырды, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Полиция мәліметінше, жол апаты бүгін Алматының Медеу ауданында сағат 13:15-те болған.

    "ГАЗ" автокөлігінің 1986 жылғы жүргізушісі көлігінің артқы жағында болған, ол көліктің өздігінен қозғалуына жол бермеу шараларын қолданбаған. Салдарынан оны өз көлігі басып кеткен.

    Ер адам оқиға орнында қаза болды. Жол-көлік дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    Zakon.kz басылымының жазуынша, "ГАЗель" көлігінің салонында кішкентай бала ұйықтап жатқан.

    Еске салсақ, жақында Жамбыл облысында анасы мен екі жасар баласы жол апатынан қаза тапты. Қайғылы жағдай 24 қарашада кешкі сағат 20.50-де Батыс Еуропа – Батыс Қытай республикалық маңызға ие жолдың 369 шақырымында болған.

    Алматы облысында жаяу жүргіншілер өткелінде әйел адамды көлік қағып кетті. Ол алған жарақатынан оқиға орнында қаза болды.

    Алматыда ер адам өз көлігінің астына түсіп көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.