jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Талғат Дүйсенбек
    Талғат Дүйсенбек
    Бұрынғы қызметкер

    Екібастұзда мектеп оқушысы жылу құбырынан аққан ыстық суға күйіп қалды

    Жылу құбырының жарылуы
    Жылу құбырының жарылуы. Көрнекі сурет: belovodchenko / Getty Images

    Екібастұз қаласында 10 жастағы бала жылу құбырының тесігінен аққан ыстық суға күйік қалды. Ол бірінші және екінші дәрежелі күйікпен аурухананың жансақтау бөліміне түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Pavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

    Баланың анасы болған оқиғаны әлеуметтік желілерде баяндады. Оның айтуынша, бала Мәшһүр-Жүсіп көшесіндегі 109 үй маңындағы аулада футбол ойнап жүрген.

    "Ойын кезінде доп жылу құбырының астына кіріп кеткен. Құбыр тесіліп, ыстық су аққан. Бала күйіп қалған", - деп хабарлады әйел.

    "Екібастұз жылу желісі" мекемесі өкілінің айтуынша, қала тұрғындарының өтінішінен соң кәсіпорын құбырдағы ақауды жөндеген.

    "Апаттан сақтау бригадасы өтініш келіп түскен жерге барды. Жылу желісі "Марунич" жеке кәсіпкерінің есебінде екені анықталды. Тағы басқа да адам зардап шекпес үшін кәсіпорын қызметкерлері оны өз күшімен жөндеді", - деп хабарлады мекеме.

    "Екібастүз жылу желісі" қыс кезінде жылу желілері аса қауіпті екенін ескертті.

    Қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылар 10 жастағы оқушының екі жіліншігі күйіп қалғанын айтты. Ол қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде емделіп жатыр.

    Биыл жазда Екібастұз қаласында жылу желілерін гидравликалық сынақтан өткізу кезінде дәріхана мен көпқабатты үйлердің аулаларын су басып қалған.

    Екі ай бұрын Теміртауда жылу магистралінде құбыр жарылып, қала көшелерін ыстық су басқан.

    Екібастұзда мектеп оқушысы жылу құбырынан аққан ыстық суға күйіп қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.