jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    ДМ
    Динар Мұрат
    Бұрынғы қызметкер

    Атырауда жылу трассасы маңынан екі адамның денесі табылды

    Жылу трассасы
    Жылу трассасы. Көрнекі фото: imantsu / Getty Images

    Атырауда көпқабатты үйдің артындағы жылу трассасынан ер адам мен әйелдің денесі табылды. Олардың денесінде ешқандай көзге көрінетін жарақат болмаған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 2024 жылғы 27 қарашада жылу трассасынан 42 жастағы әйел мен 34 жастағы ер адамның денесі табылған.

    "Қазір сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр", - делінген Атырау облыстық полиция департаменті хабарламасында.

    Оқиғаның нақты себебі сараптама нәтижесінен кейін белгілі болады.

    Бұған дейін Атырау облысында өзенде белгісіз ер адам өлі табылғанын жазған болатынбыз. Қайтыс болған адам өткен жылдың маусым айында Жайықта суға батып кеткен 2008 жылы туған жасөспірім болуы мүмкін деп болжанып отыр. Сол кезде жоғалған жасөспірім табылмаған еді.

    10 сәуірде полицияға Оралдағы зауыт аумағында бір адам жатқаны туралы қоңырау түскенін еске саламыз. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары еуропалық келбеттегі ер адамның денесін тапқан.

    Одан бөлек Ақтауда ықшамаудандардың бірінде ер адамның денесі табылды. Маңғыстау облысы полиция департаменті ақпараты бойынша, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

    Атырауда жылу трассасы маңынан екі адамның денесі табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.