jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Көкшетауда бес жасар бүлдіршін алтыншы қабаттан құлап кетті

    Терезе
    Терезе. Кадр: "КТК" арнасы

    Көкшетауда бес жасар бала алтыншы қабаттың терезесінен құлап кетті. Ауыр жарақат алған бүлдіршіннің демі сол жерде үзілген, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

    Қайғылы жағдай Сарыарқа шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Полиция қызметкерлері күн жылына терезесін айқара ашатын уақытта балаларға абай болу керек екенін ескертеді.

    "Жазатайым оқиғаны болдырмау үшін бала өмірін сақтап қалатын қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек. Ата-аналар баласына қырағы болса, бала қайғылы жағдайға ұшырамайды", - дейді Ақмола облысы полиция департаментінің аға инспекторы Алмагүл Тұрсымбаева.

    Дереккөз: "КТК" арнасы

    Еске салсақ, бұған дейін ІІМ ата-аналарға үндеу жасап, балаларды терезесі ашық бөлмеде қалдырмауды сұраған еді.

    Полиция қызметкерлері жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында ата-аналарға қарапайым ережелерді ұстануды ұсынған болатын:

    • баланы ешқашан терезелері ашық бөлмеде қараусыз қалдырмау;
    • тиісті қорғаныссыз москит торларын пайдаланбау;
    • бала терезені өздігінен аша алмайтындай етіп терезелерге блокаторларды орнату;
    • баланың терезеге шығуына жол бермеу үшін жиһаздың барлық түрін терезелерден алыс қою;
    • терезе торларын орнату.
    Көкшетауда бес жасар бүлдіршін алтыншы қабаттан құлап кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.