Маңғыстау облысында сарбаз қаза тапты: Бас прокуратура істің тергелу барысын бақылауға алды
Жарияланған күні:
Бас прокуратура Маңғыстау облысындағы полигонда қаза тапқан сарбаздың өлімі бойынша қозғалған істің тергелу барысын бақылауға алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның мәліметінше, 17 ақпанда Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметшінің қайтыс болу фактісі бойынша әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.
Оқиға орнына қорғаныс министрінің орынбасары, бас әскери прокурор, Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу департаментінің бастығы барған.
"Қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, сараптамалар тағайындалды. Іс бойынша процессуалдық прокурор айқындалды.
Істің тергелу барысы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы тарапынан бақылауға алынды", - делінген ведомствоның Telegram-дағы арнасында жарияланған хабарламада.
Ведомтсво Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етілмейтінін еске салды.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 17 ақпанда Бейнеу полигонында жоспарлы далалық атыс жаттығуларын өткізу кезінде Құрлық әскерлері "Батыс" өңірлік қолбасшылығының мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі мерт болды.
Сарбаз қаруды пайдалану барысында оқ жарақатын алған.
Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша оқиға орнына қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев бастаған комиссия жіберілді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2344598-manggystau-oblysynda-sarbaz-qaza-tapty-bas-prokuratura-isting-tergelu-barysyn-baqylauga-aldy/