jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қыздарды шетелде жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген қылмыстық топ құрықталды

    зорлық зомбылық 123
    Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

    Еліміздің ішкі істер министрлігі қыздарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды шетелге алдап апарып, сексуалдық мақсатта пайдаланған қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

    ІІМ қызметкерлері Бахрейнде сексуалдық мақсатта адам, оның ішінде кәмелетке толмағандар саудасымен айналысқан Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Бахрейн Корольдігі азаматтарынан құралған қылмыстық топты құрықтады.

    Белгілі болғандай, ұзақ уақыт бойы Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі халықтың әлеуметтік осал топтарынан 16-25 жас аралығындағы қыздарды шетелге алдап апарып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген топ жұмыс істеген.

    Олар қыздарды шетелде жоғары ақы төленетін жұмысқа тұрғызамыз деп алдап шақырған. Бұдан соң олардың құжаттарын рәсімдеумен, жәбірленушілердің, оның ішінде кәмелетке толмағандардың мемлекеттік шекарадан өтуін ұйымдастырумен және оларды Бахрейн Корольдігіне тасымалдаумен айналысқан.

    Қаскөйлер Бахрейнде әрбір қызды 5-тен 15 мың АҚШ долларына дейін саудалаған. Манама қаласына келгеннен кейін қыздардың құжаттарын алып, заңсыз бас бостандығынан айырып, ұзақ уақыт бойы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Көнбеген жағдайда оларға күш қолданып, зорлық-зомбылық көрсеткен, кейбіреуіне ақшалай 500 мың теңгеге дейін айыппұл салып жазалаған.

    Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 135-бабы 4-бөлігі (Кәмелетке толмағандар саудасы) 2-тармағы және 128-бабы 3-бөлігі (Адам саудасы) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

    Еске сала кетейік, биылғы ақпан айында Сауд Арабиясындағы Қазақстанның дипломатиялық миссиясы Бахрейн полициясының көмегімен еліміздің 20-дан астам азаматшасын сексуалды құлдықтан босатқан болатын.

    Оларды Бахрейн корольдігіне шақырып, құжаттарын күштеп тартып алып, интимді қызмет көрсетуге мәжбүрлеген.

    Сондай-ақ бұған дейін Ақтөбедегі VIP массаж салондарының бірінен жезөкшелікпен айналысып жүрген үш қыз ұсталғанын хабарлағанбыз.

    Қыздарды шетелде жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген қылмыстық топ құрықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.