Алматы қаласы қаржы полициясының бұрынғы басшысы түрмеден босап шықты
Опубликовано:

Алматы қаласы қаржы полициясының бұрынғы басшысы Әмірхан Аманбаев колониядан босатылды. Бұған дейін кассациялық сот оның мерзімін 14 жылдан 5,5 жылға дейін қысқартқан еді. Айта кетейік, ол 2015 жылдың 2 наурызында қамауға алынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
ҚАЖК Zakon.kz порталына Әмірхан Аманбаевтың 2020 жылғы 4 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласы ҚАЖД ЕЦ-166/10 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінен босатылғаны туралы мәлімдеген.
Естеріңізге сала кетейік, шілде айында Қазақстанның Жоғарғы соты Алматы қаласы қаржы полициясының бұрынғы басшысы Әмірхан Аманбаевқа жазаны 14 жылдан 5 жыл 6 айға дейін қысқартып, бұрынғы жазаны алып тастағаны туралы хабарланған болатын.
Жоғарғы сот қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін жаза ретінде 5 жарым жылды қалдырды.
Аманбаев 2015 жылы 2 наурызда ұсталып, 13 мамырда үй қамағына ауыстырылған болатын. Содан кейін ережелерді бұзу салдарынан ол қайтадан қамауға алынды.
Бұған дейін Аманбаевтан Toyota Land Cruiser-дің 2011 және 2012 үлгілері; 10 миллион 736 мың 809 теңге; Нұр-Сұлтандағы тұрғын үй кешеніндегі үш автотұрақ; барлық ғимараттары бар жер учаскесі, елордадағы 0,08 га жер учаскесінің тәркіленгені туралы хабарланды.
Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтандағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ақтөбе облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Мамуновқа қатысты үкімді жариялады. Оған алаяқтық жасады және пара беруге үгіттеді деген айып тағылды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/1877100-almaty-kalasy-karzy-policiasyny-bryngy-bassysy-trmeden-bosap-sykty/