jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Алматы облысында адам қаққан екі жүргізуші ұсталды

    Жол апаты
    Фото: polisia.kz

    Алматы облысының полицейлері адам қағып, оқиға орнынан қашып кеткен екі жүргізушіні ұстады деп хабарлайды polisia.kz.

    Жақында Талғар ауданы Гүлдала кентіндегі жергілікті полицияның кезекші бөліміне “Алматы – Қорғас” автожолының 30 шақырымында көлік қағып кеткенге ұқсайтын дене жарақаттары бар, шамамен 60 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.

    Бір күннен кейін Қарасай ауданының Қолашы ауылындағы өз үйінің маңында көлік қағып кетуі салдарынан көз жұмған 46 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылды.

    Аталған екі дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

    “Алматы-Қорғас” тас жолында адам қаққан “Ниссан-Кашкай” автокөлігінің жүргізушісі Панфилов ауданы Аққұдық кентінің 25 жастағы тұрғыны болып шықты.

    Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қолашы ауылында адам қаққан “Нива” көлігін тізгіндеген екінші жүргізуші де ұсталды. Оның 44 жастағы саяжай тұрғыны екені анықталды. Екі жүргізуші де жасаған қылмыстарының ізін жасыру мақсатында жол-көлік апатын жасаған көліктерін жөндеп үлгерген.

    Дегенмен, полиция қызметкерлерінің кәсіби шеберліктерінің арқасында көлік жүргізушілері өз кінәларын мойындады. Олардың көлік құралдары сот шешіміне дейін арнайы тұраққа тоғытылды.

    Айта кетейік, сенбі, 14 қараша күні Түркістан облысында полицияның қызметтік көлігі шетелдік автомобильмен соқтығысып қалды. Салдарынан алты адам зардап шеккен.

    Алматы облысында адам қаққан екі жүргізуші ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.