jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    "Аузынан көбік ақты": Тағы бір итті көлікке байлап сүйреген видео пайда болды

    Итті көлікпен сүйреген
    Фото: instagram.com/kris_p_issyk

    Әлеуметтік желіде жануарларға қатігездік көрсеткен әрекет бейнеленген кадрлар пайда болды. Бұл жолы видео Алматы облысында түсірілген. Итті көлікке байлап, жол бойымен сүйреген. Салдарынан үй жануарының аузынан көбік аққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Желідегі жазбада кадрлардың Бәйтерек ауылында түсірілгені айтылған. Видеода жүргізуші итті көлігіне байлап, жол бойымен сүйрегені көрінеді.

    "Оның аузынан көбік ақты. Өзім де қорқып, ит үшін уайымдап отырмын", - делінген жазбада.

    Оқиғаға байланысты Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

    "Істің мән-жайы анықталып жатыр. Тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданып, құқықтық баға беріледі", - дейді өңірлік полиция департаменті.

    Еске сала кетсек, Атырауда итті көліктің артына байлап, тас жолда сүйреген адамның әрекеті әлеуметтік желіде тарап кеткен еді.

    Атырау қалалық полиция басқармасы бұл жағдайға қатысты пікір білдірген.

    Ведомство "Приора" жүргізушісінің ұсталғанын, қылмыстық кодекстің 316-бабы "Жануарларға қатыгездік жасау"бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталғанын мәлім етті.

    Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Заңында жануарлардың жарақат алуына немесе өлуіне алып келетін кез-келген қатыгездік үшін кінәліге 120 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу (350 мың теңге) қарастырылған.

    Сонымен қатар, осы мөлшерде түзету жұмысына немесе 120 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады. Тіпті, 30 тәулікке дейін қамауға алумен жазаланады.

    "Аузынан көбік ақты": Тағы бір итті көлікке байлап сүйреген видео пайда болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.