jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Түркістанда 5 жасар баладан мың теңгеге телефон сатып алған ер адам ұсталды

    бала
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Түркістанда ер адам 5 жасар баладан қымбат телефонды мың теңгеге сатып алған. Бүлдіршіннің атасы полицияға арызданған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Арызданушының сөзінше, оның үйіне бейтаныс ер адам келіп, 5 жасар немересіне мың теңге беріп, баладан қымбат телефонын алып кеткен.

    Келтірілген шығын 150 мың теңгені құраған.

    Түркістандық полицейлер фактіні "Алаяқтық" бабы бойынша тіркеген. Бірнеше сағаттың ішінде күдкті қолға түскен. Ол Қызылорда облысының тұрғыны болып шыққан.

    Сонымен бірге ер адамды көршілес өңірде төрт пәтер ұрлығын жасағаны үшін іздестіріп жатқаны анықталды.

    Күдіктіден смартфон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылған.

    Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс сотқа жіберлген.

    Еске сала кетсек, бұған дейін Түркістан облысында қымбат джип мініп, жолдың қарсы бетіне шыққан қарт кісіге қатысты сот үкімі шыққан еді.

    Өңірдегі полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қарияға 8 айлық есептік көрсеткіш немесе 23 мың теңге айыппұл (1 АЕК – 2 917 теңге) салынған.

    Сондай-ақ зейнеткер бір жарым жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған.

    Сонымен бірге Түркістан облысының екі тұрғыны мемлекетке 7 млрд шығын келтіргенін жазған болатынбыз.

    Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, олар үшінші тұлғаларға үш серіктестікті тіркеп, 7 миллиард теңгеден астам салық төлеуден жалтарған.

    Түркістанда 5 жасар баладан мың теңгеге телефон сатып алған ер адам ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.