jitsu gif
Оқыс оқиға

    Ақтөбеде кәмелет жасына толмаған қыздарды жезөкшелікке мәжбүрлеген

    Жезөкше
    Көрнекі фото: Fotolia / Photographee.eu

    Ақтөбеде кәмелетке толмаған қыздарды жезөкшелікке тартқан жеңгетай ұсталды. Ол осы қызметі үшін клиенттерден ақшалай сыйақы алып отырған деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қылмыстық оқиға 2021 жылдың 18 ақпан күні анықталған.

    Криминалдық полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар өткізу барысында ақшалай сыйақы үшін сайт арқылы қыздарды клиентке ұсынған жеңгетайды ұстады.

    "Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 134-бабы 1-бөлігімен Бырыңғай сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қылмыстық кодекстің 134-бабының 1-бөлігі бойынша кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тартқаны үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы беріледі", - деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

    Еске сала кетейік, Қызылордада жеңгетайлықпен айналысқан сауна қызметкері ұсталды.

    Айта кетсек, Алматыда жеңгетайлықпен айналысқан әйел кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегені хабарланған еді.

    Сонымен қатар Алматы қаласында массаж студиясында жасырын интимдік қызмет ұсынған притон анықталған болатын.

    Сондай-ақ Қызылорда облысының тұрғыны кәмелет жасқа толмаған қыз баланы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп келгені белгілі болды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.