Қызылордада жеңгетайлықпен айналысқан сауна қызметкері қолға түсті

Опубликовано:

Фото
Фото: polisia.kz

Қызылордада жеңгетайлықпен айналысқан азаматша ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.

"Қызылорда қаласында жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында пайдакүнемдік мақсатта жеңгетайлықпен айналысып жүрген азаматша анықталды. Облыс орталығындағы сауналардың бірінде 39 жастағы сауна әкімшісі пайдакүнемдік мақсатта келушілерге жеңіл жүрісті қыз ұсынып отырған", - деп жазылған хабарламада.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 309-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Еске сала кетсек, Тараз қаласы Төле би көшесіндегі сауықтыру кешенінде жезөкше әйелдердің притоны анықталғанын жазған едік. Полицейлер ғимаратта әкімші болып қызмет еткен 46 жастағы әйелді қолға түсірген.

Айта кетсек, Алматыда жеңгетайлықпен айналысқан әйел кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегені хабарланған еді.

Сонымен қатар Алматы қаласында массаж студиясында жасырын интимдік қызмет ұсынған притон анықталған болатын.

Сондай-ақ Қызылорда облысының тұрғыны кәмелет жасқа толмаған қыз баланы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп келгені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901038-qyzylordada-zengetailyqpen-ainalysqan-sauna-qyzmetkeri-qolga-tusti/