jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Алматы облысында табытта жатқан қуыршаққа жапсырылған әйелдің суреті табылды (видео)

    дуа
    Видеодан кадр: instagram.com/kaskelenkz

    Әлеуметтік желіде кішкентай табыттың ішінде жатқан қуыршақтың видеосы тарады. Ойыншыққа әйелдің суреті жапсырылған. Бұл видеоға қатысты Алматы облысы полиция департаменті пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Қаскелең тұрғындарының бірі суреттегі әйел өзінің анасы екенін мәлімдеді.

    "Желіде ішінде қуыршақ бар табыттың видеосы пайда болды. Қуыршақта менің анамның суреті тұр. Мен мұны әшкерелегім келеді. Мүмкін мұны түсіріп алған куәгер табылып қалар", - делінген жазба сипаттамасында.

    Видеоға қатысты Қарасай ауданының полициясы пікір білдірді.

    Белгілі болғандай жедел-іздестіру шарасы барысында полиция қызметкерлері сиқыр жасады деген күдікке ілінген азаматшаны анықтап, ұстаған. Ол арыз жазған әйелдің танысы болып шыққан.

    "2021 жылдың 15 сәуірінде Қарасай аудандық полиция басқармасына аталған факті бойынша Қаскелең қаласының 42 жастағы тұрғынынан арыз түсті. Тексеру барысында күдікті анықталып, ол арыз жазушының 51 жастағы танысы болып шықты", - дейді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Айта кетейік, қылмыстық кодексте қара сиқыр немесе дуалау әрекеті үшін жаза қарастырылмаған. Сол себепті материалдар Қылмыстық кодекстің 131 бабы (Қорлау) бойынша жиналған.

    Процессуалдық шешім қабылдау үшін материалдар Қарасай аудандық сотына беріледі.

    Еске сала кетейік, бұған дейін желіде Алматы маңындағы зираттардың бірінен бірнеше жерінен ине шаншылған жұптың фотосы тараған еді.

    Алматы облысында табытта жатқан қуыршаққа жапсырылған әйелдің суреті табылды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.