jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    19 мың жәбірленуші: Тұрғымбаев ІІМ тергеп жатқан ең ауқымды істі атады

    қылмыстық іс
    Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев "Гарант 24 Ломбард" және басқа да ломбардтарға қатысты қылмыстық істі тергеу жұмыстары қалай жүріп жатқанына тоқталды. Онда қазақстандықтардың мүлігі бір жылдан аса уақыт кепілде жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Тұрғымбаев "Гарант 24 Ломбард" ісі ішкі істер министрлігі тергеп жатқан ең ауқымды іс екенін атап өтті.

    "Бұл - ішкі істер министрлігі тергеп жатқан ең ауқымды іс. Ол 19 өңірді қамтыды, 48 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып отыр, 19 мың жәбірленуші бар. Көлік құралдары, үй, ақша секілді ірі мүліктер кепілде тұр", - дейді министр.

    Сондай-ақ, ол қанша уақыт өтсе де қазақстандықтардың мүлкі неге әлі күнге дейін кепілде тұрғанын, ал істің сотқа жетпегенін түсіндірді.

    "Іспен танысу процесі соңғы уақытқа дейін жалғасты. Қазір іспен танысу аяқталды, іс сотқа жіберілді, алдағы уақытта сот процестері басталады. Иә, істі біз ұзақ жүргіздік. Бірақ, бізге барлық мән-жайды анықтау керек болды. 19 мың жәбірленуші бар дедім ғой, олардың әрқайсысымен тергеу жұмыстарын жүргізіп, қанша залал келгенін анықтау қажет болды", - дейді ішкі істер министрі.

    Тұрғымбаев кепілдегі мүліктің кімге берілетінін сот шешетінін атап өтті.

    "Мүлікті кімге беретінін сот шешеді. Тергеу органдардарының міндеті - істі қылмыстық кодекстің баптары бойынша квалификациялау. Ал мүлікті тәркілеу немесе қайтару мәселесін сот шешеді", - дейді ол.

    Айта кетейік, бұған дейін ішкі істер министрі полицейлердің қашан жаңа формаға ауысатынын айтқан еді.

    19 мың жәбірленуші: Тұрғымбаев ІІМ тергеп жатқан ең ауқымды істі атады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.