jitsu gif
Оқыс оқиға

    Түркістан облысында жезөкшелікпен айналысқан шетел азаматтары ұсталды

    Жезөкше
    Фото: Түркістан облысы Полиция департаменті

    Түркістан облысының тәртіп сақшылары 16-18 маусым аралығында өңірде өтетін "Стоп-трафик" жедел-алдын алу іс шарасы барысында үш жеңгетайлық дерегін анықтады. Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Жедел жүргізілген профилактикалық іс-шара барысында полицейлер моншалар мен қонақ үйлерді, ойын-сауық ғимараттарын және тағы да басқа жезөкшелер мен притондардың болуы ықтимал деген орындарын басты назарға алып, тексерісті күшейткен.

    Нәтижесінде полицейлер бір күннің ішінде облыс аумағынан жезөкшелікпен айналысқан 5 азаматша мен жеңгетайлықтың 3 жайтын анықтаған.

    Мәселен, Сарыағаш ауданындағы қонақ үйлердің бірінде ақшаға интим-қызмет көрсеткен 2 Өзбекстан азаматы ұсталған.

    Тағы үш жезөкше Сайрам және Жетісай аудандарында анықталған.

    Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 309-бабы "Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

    Еске сала кетсек, бұған дейін Жаңаөзен қаласының тәртіп сақшылары 9 жезөкшені ұстағанын жазған едік.

    Жаңаөзен қалалық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, вокзал жанындағы сауна мен Рүстем моншасынан тағы да жезөкшелер ордасы анықталған.

    Моншаны жалға алушылардың бұрын да жеңгетайлықпен айналысып, бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны айтылды.

    Тәртіп сақшылары тәнін саудалаған 9 қызды ұстады. Қолға түскендердің барлығы Шымкент пен Тараз қаласынан келген. Олардың жасы 18-39 аралығында.

    Ведомство дерегінше, жеңіл жүрісті қыздар Жаңаөзен қалалық полиция басқармасының "жезөкшелер санатына" есепке қойылған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.