jitsu gif
Оқыс оқиға

    Тіс емханасына кірген келіншек наркозда жатқан науқастың 13 тісін жұлып алды

    Тіс
    Көрнекі сурет: pixabay.com

    АҚШ-та стоматологиялық емханаға кіріп, пациенттің 13 тісін жұлып алған әйел ұсталды деп хабарлайды РИА Новости.

    Бұл оқиға Невада штатының Уошо аймағында болған.

    Аймақтық шериф кеңсесінің мәліметінше, 42 жастағы Лорел Эйк стоматологиялық емхана кеңсесінен 23 мың долларды ұрлап кеткен. Сондай-ақ ол медициналық қызмет көрсетуге лицензиясы жоқ дәрігердің көмекшісі бола тұрып, наркозда жатқан пациенттің 13 тісін жұлып алған.

    Құқық қорғаушылардың мәліметінше, Эйк есептен шығарылған анестезияны пайдаланып, медициналық процедураны орындағанын мойындаған.

    Әйелге аса ірі мөлшерде ұрлау, ұрлық жасау үшін алдын ала келісу және тиісті лицензиясыз ота жасады деген айып тағылуда.

    Одан бөлек, Лорел Эйкке сынақ мерзімі мен шартты жазаны өтеу тәртібін бұзды деген айып тағылады.

    Ал оның науқастың 13 тісін не себепті жұлып алғаны хабарланған жоқ.

    Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтауда ер адам тіс емханасының кассирін пышақпен қорқытып, 200 мың теңге ұрлап, белгісіз бағытқа қашып кеткенін жазған едік.

    6 наурызда сағат 16.00-де "102" пультіне тіс емханасына ер адамның пышақпен шабуыл жасағаны туралы ақпарат түскен.

    Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде криминалды полиция қызметкерлері мен учаскелік инспекторлар бұрын сотталған 30 жастағы жергілікті тұрғынды ұстаған.

    Тәртіп сақшылары қылмысты 30 минуттың ішінде ашқан. Ер адам өз ісін мойындапты. Сондай-ақ күдіктіден заттай айғақтар алынған.

    Тіс емханасына кірген келіншек наркозда жатқан науқастың 13 тісін жұлып алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.