jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Азамат Қабетов
    Азамат Қабетов
    Бұрынғы қызметкер

    Алматы облысында шенеунік 14 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді

    Ақша теңге1
    Көрнекі фото: NUR.KZ

    Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы облысының Кәсіпкерлік және Индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысына және мердігерлік ұйымның басшылығына қатысты аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram-дағы ресми арнасы хабарлады.

    Ведомство мәліметіне сүйенсек, басқарма басшысы ЖШС басшылығынан жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша ЖШС-ін байқау жеңімпазы деп тану және "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген қаражат есебінен салынған объектіде орындалған жұмыстардың көлемін әрі қарай кедергісіз қабылдау үшін облыс аумағында объект салу бойынша 666 млн теңгені құрайтын шарт сомасының 15% есебінен "кері қайтару" ретінде алдын ала келісілген 90 млн теңгеден 33 500 АҚШ доллары сомасында пара алды деген күдікке ілінді.

    "Лауазымды тұлға, мердігер ұйымның құрылтайшысы мен директоры аса ірі көлемде пара алу және беру күдігі бойынша ұсталып, Алматы облысының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде", – деп атап өтті агенттікте.

    Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне сай басқа мәліметтер жария етілмейді.

    Тергеу жалғасуда.

    Еске сала кетейік, Түркістан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресушілер сотқа дейінгі тергеу барысында Арыс қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасарын ұстаған болатын.

    Тергеу мәліметтері бойынша мемлекетке келтірілген залалдың алдын ала мөлшері 160 миллионнан астам теңгені құраған.

    Алматы облысында шенеунік 14 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.