jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    "Ұрсам өліп қалуы мүмкін": Жанқош Тұраровтың сот орындаушысына қысым көрсеткені рас па

    Жанқош Тұраров
    Жанқош Тұраров. Фото: instagram.com/zhankoshturarov

    Бүгін БАҚ беттерінде боксшы Жанқош Тұраровтың Алматыда сот орындаушысына қысым көрсеткені туралы ақпарат жарияланды. Осыған байланысты спортшы мәлімдеме жасап, сот орындаушысын ұрмағанын айтты.

    AIBAT жаңалықтар қызметінің мәліметінше, Жанқош Тұраров оқиға орнында болғанын, бірақ ұрмағанын айтқан.

    "Мен ұрсам, ана жерде адамдар өліп қалуы мүмкін ғой", - дейді спортшы.

    Еске сала кетсек, бүгін Алматыда жеке сот орындаушысына шабуыл жасалғаны хабарланды.

    Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының ұсынған мәліметі бойынша, оқиға 4 қазанда болған.

    Күндіз сағат 11 шамасында Алматы қаласының Бостандық ауданында орналасқан тұрғын үйге жапсарласып салынған нысанды бұзу іс-шаралары жоспарланған болатын. Сот орындаушысы жапсарласып салынған нысан аумағына тәртіп сақшыларымен бірге кірді.

    "Тәртіп сақшыларының жанындағы белгісіз адамдар сот орындаушысына қысым жасай бастады. Сот орындаушысына өз міндетін толық орындауға барынша кедергі жасауға тырысты", – делінген ведомство хабарламасында.

    "Оқиға кезінде сот орындаушысына және басқа адамдарға қысым жасау мақсатында нысан иесі боксшы Тұраров Жанқош Жасұланұлын шақырған. Оқиға орнына келген боксшы сот орындаушысынан нысан иесіне қатысты полицияға түсірген арызын алуды талап еткен. Сондай-ақ, Жанқош Тұраров бұл әрекетті заңсыздық деп санап, осы үшін қорқытқан. Кейін нысан иесі мен Жанқош Тұраров сот орындаушысын қорқыта бастаған. Тікелей қысым көрсетіліп, сот актісінің талаптарын орындаудан бас тартуға мәжбүрлеген", - деді ведомство.
    "Ұрсам өліп қалуы мүмкін": Жанқош Тұраровтың сот орындаушысына қысым көрсеткені рас па

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.