jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    "25 балаға бір тәрбиеші бөлуге болмайды ғой": 4 жасар қызы балабақшада көз жұмған әке жанайқайын айтты

    Ойыншықтар
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Алматы облысы Талғар қаласында балабақшада пластмасса ойыншық жұтып қойған төрт жасар қыз бала көз жұмған еді. Осы орайда бүлдіршіннің әкесі жанайқайын жеткізді, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

    Қайғылы жағдай 26 қарашада Алматы облысы Талғар қаласындағы балабақшалардың бірінде болған.

    "Бізге қазір өте қиын. Әкімдіктегілер мен тергеушілер қоңырау шалып жатыр. Қызымды жер қойнына тапсырдым. 25 балаға бір тәрбиеші бөлуге болмайды ғой. Қауіпсіздік те сақталмаған. Тәрбиешіге ешқандай арыз-талабымыз жоқ. Облыстық білім басқармасы жауап беру керек. Әрі қарай не істейтінімізді әлі шешпедік", - дейді көз жұмған қыз баланың әкесі.

    Басылымның мәліметінше, көз жұмған қыз баланың 1-сыныпта оқитын ағасы бар.

    Айта кетейік, аталмыш факті бойынша, Алматы облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 141-бабы 2-бөлігіне сәйкес (Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау) сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

    Қайғылы оқиғаға қатысты Талғар ауданы әкімдігі пікір білдірген болатын. Ведомствоның дерегінше, бала түскі ұйқыдан соң оянбай қалған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.