jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Шымкентте жалған шот-фактураларды жазып берумен айналысқан азамат ұсталды

    Чек
    Көрнекі фото: pxhere.com

    Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті жалған шот-фактураларды жазып берумен айналысқан азаматтың қылмысын әшкереледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі агенттіктің Telegram-каналына сілтеме жасап.

    Агенттік ұсынған ақпаратқа сәйкес, қылмысты іске асыру үшін 6 компания құрылған. Олардың жалпы айналымы 2019-2021 жылдар аралығында 3 миллиард теңгеден асқаны белгілі болды.

    Соның нәтижесінде мемлекеттік бюджетке салық түрінде 1 миллиард теңгеден астам ақша түспеген.

    Қазіргі уақытта қылмыстық істі тергеу аяқталып, сотқа жіберілген.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қарағанды қаласындағы оқу орындарының бірінің бас есепшісінің 90 миллион теңгеге жуық қаржы жымқырды деген күдікке ілінгенін жазған болатынбыз.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.