Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда оқу орындарының бірінің бас есепшісі 90 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінде

Опубликовано:

теңге
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

Қарағанды қаласындағы оқу орындарының бірінің бас есепшісі 90 миллион теңгеге жуық қаржы жымқырды деген күдікке ілінген. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі Telegram-дағы ресми каналында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, бас есепші 2021 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың мамыр айына дейін жалақы, денсаулығын жақсарту және уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы түрінде негізсіз сомаларды өз шотына, сондай-ақ есепшінің, директордың орынбасарының, өндірістік үй-жайларды тазалаушы екі қызметкердің және мекеменің бейіндік бағытының бірінің оқытушысының шотына аударып отырған деп күдіктелуде.

Бұны Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері тергеу барысында анықтаған.

"Қылмыстық әрекеттен келген жалпы шығын 88 миллион теңгені құрап, 13 миллион теңге өтелді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде", - деп қосты ведомстводан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1975066-qaragandy-qalasyndagy-oqu-oryndarynyn-birinin-bas-esepsisi-90-mln-tenge-zymqyrdy-degen-kudikke-ilinde/

pixel