jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    "Дикий Арманды" қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

    Арман Жұмагелдиев
    Арман Жұмагелдиев. Фото: Instagram/ armandzhumageldiev

    "Дикий Арман" лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі 2023 жылдың 7 наурызына дейін ұзартылды, деп хабарлайды Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық сотының 2022 жылдың 29 желтоқсанындағы хабарламасына сәйкес, сот қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтініш хаты қанағаттандырылды. Д.-ға қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде, 2023 жылдың 7 наурызына дейін екі ай мерзімге қамауда болу мерзімін ұзартуға санкция берілді", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

    Айта кетейік, бұған дейін бас прокурор "Дикий Арман" ҰҚК кураторының үйлестіруімен әрекет еткенін мәлімдеген еді.

    Сонымен қатар "Дикий Арманды" қамауда ұстау мерзімі бұған дейін де бірнеше рет ұзартылған болатын.

    "Дикий Арманды" қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.