jitsu gif
Оқыс оқиға

    Ақтөбеде бұрынғы әкім бостандыққа шықты

    Абат Көбенов
    Абат Көбенов. Фото: Іnstagram.com/abat_izimgaliuly

    Ақтөбеде 2022 жылдың қазан айында алаяқтық үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылған Алматы ауданының бұрынғы әкімі Абат Көбенов бостандыққа шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

    Іс материалдарынан белгілі болғандай, Абат Көбенов 2020 жылы Ақтөбе қаласы әкімдігі аппаратының басшысы қызметін атқарған кезде танысына жер телімін уәде етіп, одан 1 млн 383 мың теңге алған.

    Кейін экс-шенеуніктің үстінен "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол 3 жылға бас бостандығынан айырылған.

    Бүгін сот үкімі Ақтөбе облыстық сотының апелляциялық сатысында қайта қаралып, мамандар экс-шенеуніктің жазасын өзгертуге болады деген қорытындыға келген. Абат Көбенов 13 миллион 839 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелген.

    "Апелляциялық сотта ол жазаны жеңілдетуді, жәбірленушіге келтірілген залалдың өтелгенін, денсаулық жағдайын, үш баласының және қарт анасының бар екенін ескеруді сұрады.

    Сот материалдарды, прокурордың қорытындысын қарап, жеңілдететін жағдайларды ескере отырып, оған жымқырылған мүліктің 10 еселенген мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындады. Сонымен қатар ол өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды", – деп хабарлады облыстық соттан.

    Айта кетейік, Абат Көбенов 2022 жылдың ақпан-қыркүйек айлары аралығында Ақтөбе қаласы Алматы ауданының әкімі болған. Бұған дейін қала әкімінің аппаратын басқарған.

    Ақтөбеде бұрынғы әкім бостандыққа шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.