Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе қаласы Алматы ауданының бұрынғы әкімі сотталды

Опубликовано:

Абат Көбенов
Абат Көбенов. Фото: Gov.kz

Ақтөбе қаласы Алматы ауданының бұрынғы әкімі Абат Көбеновке қатысты сот үкімі шықты. Іс материалдарына сәйкес, шенеунік танысына жер телімін уәде етіп, көрсеткен қызметі үшін миллион теңгеден астам ақша алған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Іс материалдарынан белгілі болғандай, Абат Көбенов 2020 жылы Ақтөбе әкімдігі аппаратының басшысы қызметін атқарған кезде өз танысына жер телімін беремін деген желеумен оны адастырып, 1 млн 383 мың теңге алған.

Ақша шенеуніктің карталық шотына аударылған. Мемлекеттік қызметшінің үстінен "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Процесс Ақтөбе қаласының қылмыстық істер жөніндегі сотында өтті.

Айыпталушының өзі кінәсін толық мойындады. Сот Абат Көбеновті 3 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, оған өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.

Абат Көбенов биыл ақпан-қыркүйек айлары аралығында Ақтөбе қаласы Алматы ауданының әкімі болған. Бұған дейін Ақтөбе қаласы әкімінің аппаратын басқарып, басқа да қызметтерді атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994419-aqtobenin-buryngy-akimi-sottaldy/

pixel