jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеров үй қамаққа алынды

    Ілияс Өсеров
    Ілияс Өсеров. Фото: primeminister.kz

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеровтің ұсталғаны туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Вице-министрге қандай айып тағылғаны белгісіз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әзірге оның ұсталуына қатысты толығырақ ақпарат бермеді.

    Сол арада Алматы қалалық соты Facebook желісіндегі ресми парақшасында хабарлауынша, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына 10 сәуір күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ВЖТТ басшысынан өтініш келіп түскен.

    Өтініште күдікті деп танылған Өсеровке қатысты 2 ай мерзімге үй қамағына алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы айтылған.

    "Жоғарыда аталған өтініш қанағаттандырылып, күдіктіге қатысты екі ай мерзімге, яғни 2023 жылғы 10 маусымға дейін үй қамаққа алу бұлтартпау шарасы қолданылды", – делінген сот хабарламасында.

    Еске салайық, Ілияс Өсеров 2022 жылғы наурызда Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалған болатын.

    Ілияс Өсеров 1985 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Тұран-Астана университетін бітірген.

    Еңбек жолын 2007 жылы "Сбербанк" АҚ әкімшісі, жетекші маманы, менеджері болып бастаған.

    2009-2010 жылдары Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаментінде түрлі лауазымдарда қызмет еткен.

    2010-2013 жылдары Экономикалық даму және сауда министрлігінің Инвестициялық саясат департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы;

    2013-2014 жылдары Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің басқарма басшысы;

    2014-2015 жылдары Қаржы, ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау департаменті Ақпараттық қауіпсіздік басқармасының бас сарапшысы; Бас прокуратура жанындағы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы;

    2015-2019 жылдары Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары, басшысы;

    2019 жылы Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

    2019 жылғы мамырдан 2022 жылғы наурызға дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары болған.

    Ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеров үй қамаққа алынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.